Антальяға ұшып бара жатқан ұшақ шұғыл түрде Атырауға қонды

0
107

​Ұшақтың ішінде 300 жолаушы болған.


Антальяға ұшып бара жатқан ұшақ шұғыл түрде Атырауға қонды

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Ресейдің Екатерингбург қаласынан Түркияның Анталья қаласына жолға шыққан Azur Air әуе компаниясының ұшағы шұғыл түрде Атырауға қонды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Жергілікті ақпарат көздерінің мәліметіне сүйенсек, ұшақ ішінде 300 жолаушы болған.

«Алдын ала ақпарат бойынша, ұшақта техникалық ақау пайда болған. Сондықтан, экипаж жақын жердегі әуежайға қонған», - деп хабарлайды «Атырау Today » телеграмм арнасы.