Бұл ғылымның сапасын арттыруға септігін тигізеді
ERNUR.KZ. Білім және ғылым министрлігі бұл ретте тиісті ережеге қосымша өзгерістер енгізгелі жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.
«Бүгінгі таңда біз диссертация қорғаған кезде ғылыми материал тек қазақстандық база бойынша антиплагиаттан (яғни, қазақстандық ғалымдар қорғаған жұмыстар бойынша) өтеді. Сондықтан, ғылыми жұмыстар тек қазақстандық база бойынша ғана емес, шетелдік мәліметтер базасы бойынша тексерілетіндей тиісті ережелерге қосымша өзгерістер енгізіледі. Менің ойымша, бұл да біздің ғылымның сапасын арттыруға септігін тигізеді», - деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда өткен тамыз жиыны барысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов білім саласындағы плагиатпен күрес қалай жүргізілетінін айтқан болатын.