Қарағандыда ер кісі "жезөкшенің" қолынан қаза тапты

0
2 187

Пәтерге барған бетте олардың бірі ваннаға кіріп, шешініп, төсекке жатқан.


Қарағандыда ер кісі

фото habervitrini.com

Қарағандыда екі әйел өзін жезөкшеміз деп таныстырып, Германия азаматына ұйықтататын дәрі беріп, тонап кеткен. Спецификалық препараттың дозасынан ер адам қайтыс болды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ. tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайтыс болған адамның жасы 52-де, есімі Берхард Рихтер. Ол сондағы неміс компанияларының бірінде жұмыс істейді екен. Рихтер ГФР-ден 80-жылдары келген. Ол өзінің тарихи отанында азаматтық алып, жоғарғы білім алған.

Ер адам Қазақстанда іссапармен жүрген - қаладағы мекемелердің бірінде орнатылған құрылғының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз еткен. Ол Қарағандыда екі бөлмелі пәтер жалдаған.

Бір күні неміс азаматы өз әріптестерімен бірге кафеде екі әйелмен танысқан. Біраз ішімдік ішкеннен кейін оның әріптесі қонақүйге кеткен, ал Берхард әйелдермен қалған. Кейінірек белгілі болғандай, олар ауыр қылмыс істегені үшін бұрындары сотты болған. Неміс азаматы оларды жеңіл жүрісті қыздар деп ойлап, олардан не қажет екенін ашық түрде айтқан. Ол екеуін өз пәтеріне шақырған.

"Түнгі көбелек" ретінде танысқан қыздар келісім берген. Пәтерге барған бетте олардың бірі ваннаға кіріп, шешініп, төсекке жатқан. Екіншісі шетел азаматынан жеңіл желпі тағам әзірлеп беруін сұраған. Ас бөлмесінде тамақ әзірлеп жатқанын пайдаланған әйел оның сырасына екі клозапин дәрісін салып жіберген.

Негізінде бұл дәріні галлюцинациямен ауыратын адамдарға береді. Ол ауырсынуды басатын дәрілер мен ұйықтататын дәрілердің жұмысын күшейтеді. Ал клозапин мен алкоголь араласса ауыр улануға әкеп соғып, адам қайтыс болуы да мүмкін.

Германия азаматы сол сәтте-ақ қайтыс болған. Екі құрбы өздеріне керегін алып, кетіп қалған.

"Бұл препараттың қалай әсер беретінінен еш хабарым болмады: бұрындары қолданған емеспін. Сол себепті ек дозасын бердім. Ер адам өліп қалады деп ойламадым...", - дейді әйел жауап алу кезінде.

Соның салдарында әйелдердің бірі үш жылға, ал екіншісі он жылға сотталды.