Арал теңізінің құрғақ табанын көгалдандыру: 475 мың га алаңда жұмыс жүргізілді

0
175

Биыл жалпы ауданы 120 мың га галофитті өсімдіктерге тұқым отырғызу аяқталды.


Арал теңізінің құрғақ табанын көгалдандыру: 475 мың га алаңда жұмыс жүргізілді

ERNUR.KZ. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Елемесов Арал теңізінің құрғаған табанында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Спикер қолданысқа жарамсыз болып қалған жерлерді қалпына келтіру бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Мәселен, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Арал теңізінің құрғаған түбінде жалпы ауданы 1,1 млн га сексеуіл отырғызылуда.

«2021-2024 жылдар аралығында Арал теңізінің құрғатылған түбінде 475 мың га алаңда жұмыстар орындалды. Екпе материалымен қамтамасыз ету үшін 33 га алаңда қуаттылығы 3 млн қара сексеуіл көшеті орман тәлімбағының құрылысы аяқталды. Өткен жылы Арал теңізінің құрғатылған түбінде жұмыстар жүргізу үшін бюджеттен тыс қаражат тартылды. «КАТКО» қазақстандық-француз бірлескен кәсіпорны 2,2 млрд теңге, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ 420 млрд теңге бөлді», – деді Мақсат Елемесов.

Биыл жалпы ауданы 120 мың га галофитті өсімдіктерге тұқым отырғызу аяқталды. Сондай-ақ 11 830 га аумаққа қара сексеуіл егілді. Бұдан басқа, Экология министрлігі ұлттық және басқа да ірі компаниялардан қаражат тарту мәселесін пысықтауда.