Арқалықта 11 адам этанолдан уланып көз жұмды

0
1 060

Науқастардың алғашқы легі ауруханаға 3 шілде күні түскен.


Арқалықта 11 адам этанолдан уланып көз жұмды

ERNUR.KZ. Арқалықта этанолдан уланып қалған 11 адам көз жұмды, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Арқалық қаласында бір тәулікте этанолдан уланып қалған 11 адамның екеуінің өлім себебі анықталды. Науқастардың алғашқы легі 3 шілде күні сағат 5:20 кезінде ауруханаға түскен. Бүгін уланған 9 адам көз жұмды. Қазіргі уақытта осы факт бойынша полиция ҚР ҚК 306-бабымен (Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету) сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады», - делінген хабарламада.

Оқиға бойынша арнайы сараптама бекітілді. Қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.