Оқиға бір күн бұрын болған: Арқалықта санитарлық авиацияның борты суға аударылып кеткен.
ERNUR.KZ. Қостанай облысының жедел жәрдем көлігінің баспасөз қызметі бір күн бұрын аударылып қалған санитарлық авиация бортындағы жолаушылардың жағдайы туралы хабарлады. Оның атап өтуінше, адам өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, ішінде болған науқастың жағдайы тұрақты, деп жазады inform.kz.
Еске сала кетсек, оқиға бір күн бұрын болған: Арқалықта санитарлық авиацияның борты суға аударылып кеткен.
Бортта ұшқыштар, санитарлық авиация бригадасы және пациент болған.
«Төтенше жағдай орын алған жерге 3 жедел жәрдем бригадасы шықты. Өрт сөндірушілерге ұшақтағы барлық адамдарды эвакуациялауға көмектескені үшін алғыс айтамыз. Абырой болғанда, борттағылардың барлығы аман. Экипаж, пациент және санитарлық авиация бригадасы тексеру үшін Арқалық облыстық ауруханасының жедел жәрдем бөліміне жеткізілді. Санитарлық авиация тобы мүшелерінің ешқайсысы ауруханаға жатқызуды қажет етпейді. Облыс орталығына жеткізіліп, қазір Арқалық дәрігерлерінің бақылауында жатқан науқастың жағдайы бірқалыпты» деп хабарлады ведомстводан.
Сондай-ақ пациент бүгін сол санитарлық авиация командасымен, бірақ жердегі көлікпен тасымалдап жатқаны атап өтілді.