Артур Платонов «Nur Otan»-ның Партиялық бақылау комитетінің төрағасы болды

0
2 661

Артур Платонов 2016 жылғы наурызынан бастап Мәжіліс депутаты болып қызмет атқарған.


Артур Платонов «Nur Otan»-ның Партиялық бақылау комитетінің төрағасы болды

фото ғаламтордан

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Nur Otan партиясы бақылау комитетінің төрағасы болып Қазақстан Азаматтық альянсының вице-президенті, тележүргізуші, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Артур Платонов тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-парақшасында мәлім етті.

"Партия Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Nur Otan партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып Артур Платонов тағайындалды. Артур Станиславович қоғамдық және партиялық жұмысының үлкен тәжірибесі комитет қызметін күшейтуге ықпал ететініне сенімдімін", - деп жазды Бауыржан Байбек.

Артур Платонов 2016 жылғы наурызынан бастап Мәжіліс депутаты болып қызмет атқарған. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.

Сондай-ақ, тележүргізуші "Портрет недели" бағдарламасының авторы ретінде танымал.