Прокурор экс-министрге 9 жыл жаза сұрады.
ERNUR.KZ. Прокурор экс-министрді тағылған айыптар бойынша кінәлі деп, осындай жаза сұрады, деп жазады inbusiness.kz.
Сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы Еркеғали Зәкіров Арыстанбек Мұхамедиұлымен бірге істі болып жатқан Алмаз Нұразхан, Айым Сәдуақасова мен Азамат Көшеновті 8 жылға бас бостандығынан айыру қажет, деп отыр.
Экс-министр бастаған топ "Алтын адам" халықаралық көрмесін ұйымдастыруға бөлінген 221 миллион теңгені жымқырды, деп айыпталған. Процесс барысында Мұхамедиұлы өз кінәсін мойындаған жоқ.