Әскерде жүргеніне бір жыл толған сарбаздар әзірге үйіне қайтпайды - ҚМ

0
778

Мемлекет басшысының Жарлығымен азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру мерзімі 2020 жылдың маусымынан тамызына ауыстырылып отыр.


Әскерде жүргеніне бір жыл толған сарбаздар әзірге үйіне қайтпайды - ҚМ

ERNUR.KZ. Әскерде жүргеніне бір жыл болып қойған мерзімді әскери қызметшілер Төтенше жағдай режимі алынғаннан кейін ғана запасқа шығарылады. Бұл туралы ҚР Қарулы күштері Бас штабының ұйымдастыру, жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастысы Сәкен Жүсіпов мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Азаматтарды әскерге шақыру төтенше жағдай режимі алынғаннан кейін қайта жүргізіледі. 31 тамызға дейін ұзартылады. 2019 жылы көктемде әскерге шақырылған әскери қызметшілер запасқа шығару – төтенше жағдай режимі алынған жағдайға, осы жылдың 30 маусымына дейін жүргізілетін болады. Бұл ретте әскери шақыру мен запасқа шығару қолданыстағы заңнамаға сәйкес іске асырылады. Елеулі өзгеріс болмайды», - деді Сәкен Жүсіпов ОКҚ-да онлайн-режимде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек бұған дейін Сәкен Жүсіпов ТЖ кезінде 2019 жылдың көктемінде әскерге шақырылған мерзімді әскери қызметшілерді запасқа шығару уақытша тоқтатылғанын мәлім еткен еді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлығымен азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру мерзімі 2020 жылдың маусымынан тамызына ауыстырылып отыр.

Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілерді запасқа шығару туралы Жарлыққа қол қойған болатын.