Әскерге кеткен 2 мыңнан астам жігіт несиесін төлей алмай жүр

0
507

Жалпы Мемлекеттік кредиттік бюроның мәліметіне сүйенсек, банктер мен микроқаржы ұйымдарынан несие алған 6,9 мың адам әскерге кетіп қалған.


Әскерге кеткен 2 мыңнан астам жігіт несиесін төлей алмай жүр

ERNUR.KZ. Жалпы дәл қазір әскерде мерзімді әскери борышын өтеп жүрген 6,4 мың сарбаздың несиесі бар. Олардың 2,4 мыңы қарызын уақтылы төлей алмай жүр, деп жазады ulysmedia.kz.

Жалпы Мемлекеттік кредиттік бюроның мәліметіне сүйенсек, банктер мен микроқаржы ұйымдарынан несие алған 6,9 мың адам әскерге кетіп қалған. Олардың жалпы қарызы 2,2 млрд теңге екен. Сол алты жарым мыңға жуық адамның ішінде 2,4 мыңы 872 млн теңге қарызын төлемеген. Яғни олардың несиені төлеу мепзімі 90 күннен асып кеткен. Жастардың мың жарымын банктер, 1,2 мыңын микроқаржы ұйымдары іздеп жүр.

«Мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтардың несиесінің төленбей қалуына жол бермес үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қорғаныс министрлігі меморандум арқылы келіскен. Оған сәйкес, әскердегі жастарға банк қарызы мен микронесиелер төлемін кейін төлеу мүмкіндігі беріледі. Аталған мәселені реттеу үшін қарызын өтей алмаған сарбаздардың тізімі таяуда банктер мен микроқаржы ұйымдарына жолдап отыр», - дейді депутаттардың сауалына жауап берген үкімет басшысы Әлихан Смайылов.