Әскери барлаушылар кәсіби мерекесін атап өтті

0
3 377

Әскери барлау қызметі – бұл қарулы күштердегі ең жауапты әрі ең жүгі ауыр салалардың бірі.


Әскери барлаушылар кәсіби мерекесін атап өтті

ERNUR.KZ. Еліміздің әскери барлаушылары кәсіби мейрамдарын атып өтті, деп жазады 24.kz.

Осыған орай Астанадағы ұлттық әскери-патриоттық орталықта салтанатты шара өтіп, саладағы үздіктер марапатталды. Ардагерлерге құрмет көрсетілді. Шараға қатысқан Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев ел қауіпсіздігін сақтаудағы әскери барлаушылардың рөліне ерекше тоқталып, олардың еңбектері ешқашан елеусіз қалмайтынын жеткізді.

Әскери барлау қызметі – бұл қарулы күштердегі ең жауапты әрі ең жүгі ауыр салалардың бірі. Әсіресе әлемде тұрақсыздық белең алған қазіргі заманда бұл мамандарға біраз міндет артылады. Сондықтан, Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев ұлттық қауіпсіздікті сақтаудағы әскери барлаушылардың рөлін ерекше атап өтті, елге деген мінсіз қызметтеріне жоғары баға берді.

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Қорғаныс министрі: "Қазақстан армиясы – Егемендіктің мызғымас тірегі және қауіпсіздіктің басты тірегі болып табылады. Елбасы, Қарулы күштердің жоғарғы қолбасшысы Н.Ә. Назарбаев ҚР тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын, оның шекарасының бұзылмауын, бейбіт өмірді қорғауға қабілетті жауынгерлік әлеуетін арттыру үшін оны түбегейлі реформалауға барлық күш жігерді жұмылдырды."

Қазір сала мамандарының еңбектері елеусіз қалып жатқан жоқ. Әсіресе, әлеуметтік мәселелері бір жолға қойылып, баспанамен қамтамасыз етудің тиімді жүйесі жасалды. Осының бәрін негізге алған ведмоство басшысы әскери барлаушылар өз қызметін бұдан әрі де адал әрі ұқыпты атқарады деген сенім білдірді. Салтанатты шараға Қарулы Күштердің ардагерлері де шақыртылып, оларға ерекше құрмет көрсетілді.

Ал, ерекше көзге түскен әскери барлаудың офицерлері мен сержанттары ведомстволық медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.