Көрермендер де орындаушыларға шын жүректен алғысын жаудырып, қошемет көрсетіп, ізгі тілектерін айтып жатты.
ERNUR.KZ. ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы сауда ойын-сауық орталығында концерт ұйымдастырды, деп жазады BAQ.KZ.
Әскери қызметшілер оны Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арнады.
“Біздің халық алдында өнер көрсетуіміз сан мыңдаған адамдарды біріктіретін маңызды күнге орайластырылған. Біз осы шара арқылы отандастарымызға аға буынның ерлігі туралы және сұрапыл соғыста оларға рух беріп, барлық қиындыққа төтеп беруге ынтымақтың көмектескенін еске салғымыз келеді. Бұны біз көрермендерге өнер арқылы жеткізуге тырыстық”, – деп түсіндірді Ұлттық әскери-патриоттық орталығы бастығының орынбасары аға лейтенант Азамат Ақтасов.
Орталық ансамбльдің солистері мен вокалдық топтарының орындауында "Әлия", "Журавли", "Тучи в голубом", "Ехал я из Берлина", "Кестелі орамал" және "Сауыт", "Қайсар армия", "Қорғанысым тірегім", "Жаса қазағым" сынды патриоттық әндері орындалды. Ойын-сауық орталығына келушілерді ансамбльдің би тобының орындауындағы “Сарбаздар биі” көңілдерін көтерді.
Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың әскери оркестрінің дирижері капитан Нұрлан Қошқаровтың басқаруымен танымал классикалық және заманауи әуендер қойылымын халық қуана қабылдады. Оркестрлердің дефилесі көрермендерді ерекше таң қалдырды.
“Сауда орталығында әскери музыканттардың келіп, концерт қоюы бізді таң қалдырды және қуантты. Көңіл-күйімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Керемет орындау, сымбатты әскери киім – осының бәрі рухымызды көтеріп, Отан қорғаушыларымыз үшін мақтаныш сезімін тудырады, - дейді астаналық Алуа Қажанова.
Көрермендер де орындаушыларға шын жүректен алғысын жаудырып, қошемет көрсетіп, ізгі тілектерін айтып жатты.