Асхат Аймағамбетов: «Оқулықтарға «жасырын» шолу жасауды енгізбекпіз»

0
830

Бұл оқулықтардың сапасын жақсарту мақсатында жүзеге асады.


Асхат Аймағамбетов: «Оқулықтарға «жасырын»  шолу жасауды енгізбекпіз»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында оқулықтардың сапасына назар аударып, мектеп оқушыларын сапалы оқулықтармен қамтамасыз ету тиісті министрліктің тікелей міндеті екенін атап өтті. Үкімет сағатында Білім министрлігінің басшысы А.Аймағамбетов бүгінде Білім және ғылым министрлігі осы бағытта нақты шаралар қабылдағанын айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

- Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында оқулықтарды әзірлеу мен сараптау тәсілін өзгерттік. Республиканың барлық өңірлерінде мұғалімдер қоғамдастығымен және сарапшылармен оқулықтардың макетін талқылау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Сараптаманың ашықтығын қамтамасыз ету үшін оқулықтар ашық Порталда орналастырылады, - деді ведомство басшысы.
Осы мәселелерді шешу үшін, сонымен қатар, оқулықтардың сапасын жақсарту үшін қазіргі уақытта ҚР Білім және ғылым министрлігі оқулықтардың сапасын жақсарту және сараптау тетігін жаңарту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, авторлар мен сарапшыларды оқыту, оқулықтарға «жасырын» шолу жасау, сарапшыларды сертификаттау ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, 1 қыркүйектен бастап EPUB форматындағы 1-10 сыныптарға арналған оқулықтардың электронды нұсқалары Білім және ғылым министрлігінің сайтында орналастырылды. Бұл жаңашылдық студенттерге оқулықтарды электронды құрылғылар арқылы пайдалануға мүмкіндік беретіндігін және студенттер портфолиосының салмағын жеңілдететіндігін атап өту керек.