Аспан жылады: Алматыда Денис Тенге ескерткіш орнатылды

0
1 890

Денис Теннің ескерткіші спортшы көз жұмған жерде, яғни Құрманғазы-Байсейіт көшесінде орналасқан.


Аспан жылады: Алматыда Денис Тенге ескерткіш орнатылды

ERNUR.KZ. Алматы қаласында 22 маусымда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге ескерткіш орнатылды, деп жазады Stan.kz.

Мемориалдың авторы ресейлік мүсінші Матвей Макушкин. Денис Теннің ескерткіші спортшы көз жұмған жерде, яғни Құрманғазы-Байсейіт көшесінде орналасқан.

"Ашылу салтанатында бірінші болып сөз сөйлеу мәртебесі әкімнің орынбасары Арман Қырықбаевқа бұйырды. Жүздеген алматылық марқұм спортшыға құрмет белгісі ретінде алтындай уақыттарын бөліп, мемориалдың ашылуына жиналды. Ескерткішті тұрғындардың назарына ұсынған кезде жаңбыр жауа бастады. Аспан жылады", — дейді жазды Facebook желісіндегі парақшасында журналист, қоғам қайраткері Вадим Борейко.

Мемориалдың ашылуына келген Илья Ильин де марқұм спортшымен қалай танысқанына тоқталып, әрқашан оның жетістіктері үшін қуанғанын айтып берді.

"Ішімнен мұндай жақсы бала жиі кездесе бермейді деп ойладым. Кішкене уақыттан кейін ол әлем жұлдызы, Қазақстанның, спорттың алтын ұлы болып шыға келді. Кездеске сайын бір-біріміздің жеңісімізге, дос екенімізге қуанып жүруші едік", — деді спортшы.


Халық әншісі Роза Рымбаева өз сөзінде Денистің анасын жақсы түсінетінін. Бала тірі болмаған жағдайда жинаған мадақтарының құны бір тиын екенін айтып өтті. Қазақстанның атын әлемге танытқан Денис Тенге алғыс айтты.


"Ана ретінде маған ұлымның атақ-даңқы керек емес екенін айтқым келеді. Маған бірінші кезекте ұлым керек. Сондықтан мен Денистің анасын жақсы түсінемін. Қарапайым адам ретінде жұмыс істеп, күнін көріп жүре бергенде ғой. Бірақ Дениске еліне қызмет етуді бұйырған екен. Ол Қазақтанның аты әлемдік аренада танылуы үшін бар күшін салды", — деді әнші.


Спортшының туған күнінде ашылуы тиіс болған мемориал техникалық себептерге байланысты кейінге қалдырылған еді. Бүгін қазақстандықтардың Денис Тенге арналған ескерткіші орнатылса деген арманы орындалды.