Астана мектебіндегі оқушыны қорлау оқиғасы: полиция қылмыстық іс қозғады

0
317

Оқиғаның барлық қатысушысы мектепішілік есепке алынды.


Астана мектебіндегі оқушыны қорлау оқиғасы: полиция қылмыстық іс қозғады

ERNUR.KZ. Астана мектептерінің бірінде құрдасын қорлаған оқушылар мектепішілік есепке алынды. Бұл туралы елордалық полиция департаментінде хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.

Алматы ауданы ПБ басшысы Диас Тоқатовтың айтуынша, оқушыны ұрып-соғуға қатысты қылмыстық іс қозғалған.

"Оқиғаның барлық қатысушысы мектепішілік есепке алынды. Педагогтердің жауапкершілігі туралы мәселе қаралады. Астана Полиция департаменті заңды өкілдерге кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді. Балалардың мінез-құлқын бақылау қажеттігін еске саламыз", - деді Тоқатов.

Еске салайық, Астанадағы мектептердің бірінде оқушылар құрдасын қорлаған. Оқиға видеоға түсірілген. Астананың Білім басқармасы Tengrinews.kz тілшісіне оқиғаның 4 қыркүйекте болғанын айтты.