​Астана — Щучье трассасында болған жол апатында 11 адам зардап шеккен

0
417

Полиция қызметкерлері жүргізушілерден патрульдік полиция қызметкерлерінің талаптарын қатаң сақтауды және олардың жұмысына кедергі келтірмеуді сұрайды.


​Астана — Щучье трассасында болған жол апатында 11 адам зардап шеккен

Фото: Ақмола облыстық ПД

ERNUR.KZ. «Астана-Щучье» тас жолындағы жаппай көлік апатында 11 адам зардап шеккен, деп жазады inform.kz.

— Жол апаты салдарынан Бұланды аудандық ауруханасына түрлі жарақаттармен 11 адам жүгінді, олардың төртеуі ауруханаға жатқызылды, —делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта жол учаскесінде зардаптарды жою жұмыстары жалғасып жатыр, жергілікті жерде полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар қызметі және ҚазАвтоЖол мамандары жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Полицейлердің мәліметінше, елорда бағытында 400-ге жуық автокөліктен тұратын колоннаны алып жүру ұйымдастырылған.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерден патрульдік полиция қызметкерлерінің талаптарын қатаң сақтауды және олардың жұмысына кедергі келтірмеуді сұрайды.
— Жүргізушілерді ауа-райының жағдайын ескеруге, жолдарда өте сақ болуға және жағдайды жақсартқанға дейін осы бағытта жүруден бас тартуға шақырамыз, — деп хабарлады полициядан.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Астана-Щучье» тас жолындағы апаттан зақым келген көліктер саны 95-ке жеткенін жазған болатынбыз.