ТМҚП бригадасымен 17 жолаушы эвакуацияланып және олардың барлығы «Аян» кафесіне жеткізілген
ERNUR.KZ. «Сарышаған» ТМҚП-нің бригадасы қирап қалған автокөліктен жолаушыларды эвакуациялады. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Baq.kz.
2018 жылдың 2 қарашасында сағат 10:01 минут өткенде Қарағанды облысындағы Алматы – Екатеринбург тас жолының 523-шақырымында Астана – Шымкент бағыты бойынша келе жатқан, 51 жолаушыдан құралған жолаушылар автобусы сынып қалған.
Бұл жағдай туралы хабар «Сарышаған» трассалық медициналық-құтқару пунктінің диспетчеріне келіп түскен.
Эвакуациялау мен медициналық көмек көрсету мақсатымен оқиға орынына құрамы: дәрігер, фельдшер, құтқарушы және жүргізушіден құралған, медициналық құтқару реанимобилінде «Сарышаған» ТМҚП-нің шұғыл әрекет ету бригадасы шұғыл түрде жіберілген.
Барлық жолаушы тексеруден өткізілді. олардан салқын тию белгілері, тұмау белгілері, дене қызуының көтерілуі сияқты белгілер анықталмаған. Ешкімге шұғыл медициналық көмек қажет болмаған.
ТМҚП бригадасымен 17 жолаушы эвакуацияланып және олардың барлығы «Аян» кафесіне жеткізілген.
Қалған 34 жолаушы Қарағанды облысы бойынша ЖПҚ қызметкерлерімен эвакуацияланды.
ТМҚП бригадасы қыс мерзімінде де адамдарға көмекке келеді, яғни жолда тұрып қалған көліктердегі адамдарға көмектесіп, жүргізушілер мен жолаушыларды қар борауынан алып шығады және де қажетті медициналық көмек көрсетеді.