Астанада 2 айлық сәбиін аяусыз ұрып-соққан ер адамға сот үкімі шықты

0
421

Сондай-ақ сотталушы маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделетін болды.


Астанада 2 айлық сәбиін аяусыз ұрып-соққан ер адамға сот үкімі шықты

ERNUR.KZ. Астананың кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ер адамды 6,5 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ сотталушы маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделетін болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Сотта анықталғандай, ер адам өткен жылдың 2 шілдесінде мас күйінде 2 айлық қызын ұрып-соғып, қасақана дене жарақаттарын салған.

Оның кәмелетке толмаған баланың денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірудегі кінәсі сотталушының өзінің айғақтарымен, жәбірленушінің заңды өкілінің, куәлардың айғақтарымен, сот-медициналық сараптамасының қорытындысымен толық дәлелденді.

«Х. өз әрекетімен күтімі ерекше назар мен қамқорлықты қажет ететін екі айлық баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді. Сәби ұзақ уақыт бойы білікті медициналық көмексіз, азаптау әрекетін бастан кешірді», - деп хабарлады сот.

Сондай-ақ ер адамның созылмалы алкоголизмнен едеуді қажет ететіні анықталды. Бұған дейін ол бірнеше рет, соның ішінде әйелін ұрғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

Бұл ретте апелляциялық сатыда сотталушының әйелі соттан оған тағайындалған жазаны жеңілдетіп, бас бостандығынан айырмауды сұрады. Алайда судья оның уәжін тыңдамай, үкімді өзгеріссіз қалдырды.