Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ауа райының салдарынан 10 адам медициналық көмекке жүгінген.
Аудан әкімдіктерінің мәліметінше жалпы қала бойынша ірі қираулар жоқ, 24 тұрғын үйдің сыртына зиян келген, 7 әлеуметтік нысанның шатыры (мектеп, аурухана және балабақша) жұлынып, желге ұшып кеткен, 8 ағаш пен 2335 метр қоршау құлады, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ауа райының салдарынан 10 адам медициналық көмекке жүгінген. Дәрігерлер зардап шеккендерге тексеру жүргізді, бір пациент № 1 қалалық аурухананың жарақат бөліміне жатқызылды. Астаналық медиктердің айтуынша, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Дүлей жел басталысымен барлық коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне ауысты. Барлығы 2000 жұмысшы мен 500 техника жұмылдырылды.
ТЖ салдарын жою жұмыстары жедел жүргізілуде, шалшық суды сорып алу, жолдар мен тротуарларда сынған ағаштарды жинап шығу т.б.
Штаб отырысының қорытындысы бойынша және қаланы аралау барысында әкім қысқа мерзімде тосыннан тыс мінез танытқан табиғаттың барлық салдарын жойып шығуды тапсырды. Сондай-ақ, алдын ала ертеңгі дауылды ескертуге дайындық пен ахуалды бақылап отыру керектігін пысықтады.