Астанада азаматтарды тіркеу бойынша шектеу енгізілуі мүмкін

0
752

биылғы шілде айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы көші-қон процестерін бақылауға алуды тапсырған болатын. Мемлекет басшысы жыл сайын Астанаға 50-60 мың адам келетінін атап өтті.


Астанада азаматтарды тіркеу бойынша шектеу енгізілуі мүмкін

ERNUR.KZ. Астана әкімдігі елордада көші-қон процесін реттеу үшін қандай шаралар қабылдау қажеттігін талқылауда. Әзірге азаматтарды тіркеу бойынша шектеулер енгізу ұсынылып отыр, деп жазады inform.kz.

«Қазір заң жобасы әзірленіп жатыр, қосымша талқылау жүруде. Біз осы Қағидалар шеңберінде азаматтарды тіркеу кезінде отбасы мүшелерінің жалпы санын қоспағанда, әр адамға 18 шаршы метрден аспауы керек деген норманы қарастырдық. Яғни тұтас отбасы осы пәтерге, тұрғын үйге толық тіркеледі. Отбасынан тыс адамдар болса, онда отбасының әр мүшесіне 18 шаршы метр бөлу процесі жүретіндей ойластырдық. Дегенмен әділет органдары бұл шараны Конституцияға сәйкес келмейді деп ұйғарды және қабылдамады. Қазір біз тіркеуді шектеу бойынша осы процесті реттеу құқығын беру үшін жоғарыда айтқан заңнамалық актілерге өзгерістер енгізіп жатырмыз», - деді Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жүсіпов қаланың қоғамдық кеңесінің отырысында.

Еске сала кетсек, биылғы шілде айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы көші-қон процестерін бақылауға алуды тапсырған болатын. Мемлекет басшысы жыл сайын Астанаға 50-60 мың адам келетінін атап өтті.

«Бұдан бөлек, күн сайын жақын маңдағы елді мекендерден 150 мың адам келіп кетеді. Мұның бәрі инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымға айтарлықтай салмақ түсіреді. Сол себепті, көші-қон үдерісін тиімді реттеу қажет, яғни, пәрменді шаралар қабылдау керек. Негізінен, көп адам қалаға жақын жерлерден жұмыс істеуге келеді. Сондықтан бұл саланы нақты реттеп, бақылау күшейтілуге тиіс»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.