12 қазанда Астанадағы құрылыс нысандарының бірінде төрт өнеркәсіптік альпинист жұмыс кезінде тоғызыншы қабаттан құлап кеткен.
ERNUR.KZ. Астана Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тірі қалған төртінші альпинистің жағдайы туралы хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.
"1999 жылы туған науқастың жағдайы оң динамикада. Қазіргі уақытта науқас стационар бөлімінде жатыр, трахеостомиялық түтіксіз, өз бетінше тыныс алып, толық кешенді ем қабылдап жатыр", - деп хабарлады ведомство.
Дәрігерлердің айтуынша, өнеркәсіптік альпинист 6 қарашада өздігінен тамақ ішіп, серуенге шыққан.
Еске салайық, 12 қазанда Астанадағы құрылыс нысандарының бірінде төрт өнеркәсіптік альпинист жұмыс кезінде тоғызыншы қабаттан құлап кеткен. Үш альпинист қаза болып, біреуі аурханға түскен болатын.