​ Астанада IT маманы 57 миллион теңгенің техникасын сатып, ақшасын құмар ойынға салып жіберген

0
342

Үкім заңды күшіне енді.


​ Астанада IT маманы 57 миллион теңгенің техникасын сатып, ақшасын құмар ойынға салып жіберген

ERNUR.KZ. Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты өзіне сеніп тапсырылған кеңсе техникасын сатып, ақшаны букмекерлік кеңсеге жұмсаған IT маманына үкім шығарды, деп жазады zakon.kz.

Астана сотының баспасөз қызметінің 5 желтоқсан күні хабарлауынша, фирманың бұрынғы қызметкері ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотталды. Ер адам IT маманы болып жұмыс істеп, жеке қаржылық мәселелерін шешу үшін жұмыс істейтін кеңсе жабдықтарын сатқан.

Сот таратқан мәлімет бойынша, астаналық жігіт ЖШС-де IT-маман болып жұмыс істей жүріп, материалдық жауапты адам бола тұра, өзіне сеніп тапсырылған, жалпы сомасы 57 млн теңгеден астам сомаға ұйымдастыру техникасын талан-таражға салып, одан түскен ақшаны букмекерлік кеңселерде жұмсағаны үшін кінәлі деп танылды.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2023 жылғы 9 қазандағы үкімімен ол бес жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылып, жеті жылға сотталды.

Үкім заңды күшіне енді. ЖШС-ға келтірілген залал өтелген жоқ.