Кездесу барысында тараптар ағымдағы мәселелер мен екі ел арасында қорғаныс саласындағы ынтымақтастық болашағын талқылады
ERNUR.KZ. Қорғаныс министрлігінде ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен Армения Республикасы қорғаныс ведомствосының басшысы Давид Тоноянның кездесуі болып өтті, деп жазады ҚазАқпарат.
Аталған шара Сыртқы істер министрлері Кеңесі, Қорғаныс министрлері Кеңесі және ҰҚШҰ-ға мүше елдердің Қауіпсіздік кеңес хатшыларының комитет отырысын ұйымдастыру аясында өткізілді.
Кездесу барысында тараптар ағымдағы мәселелер мен екі ел арасында қорғаныс саласындағы ынтымақтастық болашағын талқылады.