Астанада референдум өтетін күні қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады

0
196

Автобустар таңғы сағат 6:00-ден түнгі 23:00-ге дейін жүреді.


Астанада референдум өтетін күні қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады

ERNUR.KZ. 6 қазанда Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді. Бұл күні Астана автобустарында жол жүру тегін болады, деп жазады sputnik.kz.

6 қазанда Республикалық референдум өткізілетін күні қалалық және қала маңындағы маршруттарда жол жүру тегін болады.
Автобустар таңғы сағат 6:00-ден түнгі 23:00-ге дейін жүреді. 7 қазаннан бастап қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейтін болады.