Астанада сырғанақ теуіп жүрген баланы көлік қағып кетті

0
248

Оқиғаның видеосы Instagram әлеуметтік желісінде пайда болды.


Астанада сырғанақ теуіп жүрген баланы көлік қағып кетті

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Астанада тұрғын үйдің пандусынан сырғанап түскен баланы көлік қағып кетіп, дәрігерлер оны ауруханаға жатқызды, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиғаның видеосы Instagram әлеуметтік желісінде пайда болды.

Бейнебақылау камераларынан алынған кадрларда баланың сырғанап түсіп, тұрғын үйлер арасындағы жолға шығып кеткені және оны көлік қағып кеткені көрінеді.


Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді. Оқиға 10 наурызда сағат 16:45 шамасында Аманжол Бөлекпаев көшесіндегі үйдің ауласында болған.

"Mitsubishi автокөлігінің жүргізушісі дәл сол сәтте пандустан сырғанап түскен баланы қағып кетті. Салдарынан 10 жастағы бала түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдары қазір бұл оқиға бойынша тексеру жүргізіп жатыр.

Астана полициясы жүргізушілерді аула ішіндегі аумақтарда аса сақ болуға және жылдамдық режимін сақтауға шақырды.