​Астанадағы бесінші ана өлімі: Жас анаға сирек кездесетін қауіпті диагноз қойылып отыр

0
1 675

Бұл - жыл басынан бері Астанада қайтыс болған бесінші ана.


​Астанадағы бесінші ана өлімі: Жас анаға сирек кездесетін қауіпті диагноз қойылып отыр

ERNUR.KZ. Астаналық дәрігерлер елордадағы бесінші ана өліміне қатысты түсініктеме берді, деп жазады ҚазАқпарат.

1 қыркүйек күні 20:22-де №2 көпбейінді қалалық ауруханада ана өлімі тіркелген болатын. Бұл - жыл басынан бері Астанада қайтыс болған бесінші ана.

«Қайтыс болған әйел қант диабетімен ауырған. Жүктіліктің алғашқы кезеңінен-ақ, №7 емханаға тіркеліп, қабылдауға тұрақты барған. Бірақ ол инсулиндік терапиядан бас тартқан және дәрігерлер қант деңгейін түсіретін таблеткалар жазып берген. Оның үстіне, әйелдің бойы 165 см бола тұра, салмағы 95 келіден асқан. Алдыңғы балаларын табиғи жолмен дүниеге әкелгендіктен, дәрігерлер оған кезекті рет өз күшімен босануға мүмкіндік берген», - деді №2 көпбейінді қалалық аурухананың бас дәрігері Иван Ли Астана әкімдігінде өткен брифингте.

Сонымен бірге, брифингте қайтыс болған әйелге қойылған алдын-ала диагноз хабарланды.

«Бұл – аяқасты болған өлім. Алдын ала болжам бойынша, қайтыс болған әйелге «Қағанақ суының эмболиясы» диагнозы қойылды. 2 қыркүйекте патологиялық сою жүргізілгенде, бұл диагноз расталды. Бірақ, бұл әлі де алдын ала болжам болып қала береді, апта соңында паталогоанатомдар гистологиялық зерттеуден кейін нақты диагнозды жариялайды», - деді Астана қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

Әйелдің жүрек қызметі тоқтаған сәтте кесір тілігі арқылы баланы алу шешімі қабылданған. Әзірге шақалақтың жағдайы ауыр, бірақ дәрігерлер сәбидің оңалып кету мүмкіндігі мол екенін жеткізді.