Оқиға 2021 жылдың 2 наурызында болған.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда 39 жастағы әйелдің сүйіктісі 16 жастағы қызын зорламақ болған, деп жазады Tengrinews.kz.
Мектеп оқушысының анасының сөзінше, оқиға 2021 жылдың 2 наурызында болған. Әйел адам бұрынғы сүйіктісімен бес жыл бірге тұрған. Бұл уақыт аралығында ол мектеп оқушысына өз қызындай қараған.
"Қызымды мектептен алып, оны тамақтандырып, көлік айдауды үйретемін деген сылтаумен қала сыртына, Нұр-Сұлтаннан 60 шақырым жерге алып кетті. Ол қызымның телефонын алып қойған, мен хабарласқан кезде тұтқаны көтермеді. Олар адам жоқ жерге барған. Қызым көліктің артында отырған, ол қасына келіп, қолды тіреп қоятын орындықты көтеріп, пышақ, арақ, сары шүберек, шырын мен стақанды көрсеткен. Ол қызымды бөлшектеп тастайтынын айтқан, себебі қызым біздің бірге болғанымызға қарсы болыпты-мыс. Ол жылай бастаған, бірақ бір кезде не істеу керегін түсіну үшін сабырға келген", - дейді қыздың анасы.
Ер адам қыздан жыныстық байланысқа түскен не түспегенін және жалаңаш суреттерін сұрай бастаған.
"Маған саған қоқан-лоқы көрсететін нәрсе керек" деген ол. Сосын ол қызыма шешініп, өзін видеоға түсіру керегін айтқан. Қызым қорыққанынан оның айтқандарын істей бастаған. Ол қызыма тиісіп, видео түсіре бастаған. Біраз уақыттан кейін ол өз-өзіне келіп, олар үйге қайтқан. Қызым бұған дейін жыныстық қатынасқа түспеген", - дейді әйел адам.
Оның айтуынша, ер адам кімде-кім бұл жағдай туралы білетін болса, анасы мен қызын өлтіретінін айтып, қоқан-лоқы көрсеткен.
"Ол қорыққанынан маған айтпаған. Менің әпкеме айтып берген. Ол болған жайтты туған әкесіне айтып беруді ұсынған. Бірнеше күннен кейін қызым әкесіне барды. Кешке бұрынғы күйеуім үйге басып кіріп, онымен сөйлеспек болды, мен не болғанын сол кезде бірақ түсіндім", - дейді қыздың анасы.
Келесі күні жәбірленушінің ата-анасы полицияға арыз жазған. Әйел адамның сөзінше, Қылмыстық кодекстің 123-бабы, 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Нұр-Сұлтанның Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі растады.
"2021 жылы 5 наурызда "Есіл" ауданының полиция басқармасына әйел адам автокөлік салонында отырып, кәмелетке толмаған қызын жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген ер адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы арыз жазды. Тергеу кезінде оқиға Нұр-Сұлтан-Көкшетау тасжолында болғаны анықталды", - деді полиция өкілдері.
Бүгінде күдікті анықталып, ұсталған. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.