Астаналық палуан 80 тонналық ұшақты сүйреді (видео)

0
590

Жуырда Нұр-Сұлтан қаласында жас палуан 80 тонналық Airbus-320 ұшағын сүйреді.


Астаналық палуан 80 тонналық ұшақты сүйреді (видео)

ERNUR.KZ. Айбар Тұрғанбайұлының бірнеше джипті, қос тепловозды қатар сүйрегені жөнінде жан-жақты ақпарат берілген, деп жазады exk.kz.

Айбар Тұрғанбайұлы Ержанов — Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Игілік ауылында 1982 жылы туған. Бойы 185 см, салмағы 120 келі. Ауыр атлетиканың 8 түрінен "Спорт шебері". Ол жуырда Елордамызда 80 тонналық Airbus-320 ұшағын сүйреп, күшін байқап көрді.



"Мен бұған дейін жалпы салмағы 276 тонналық қос локомотивті жаттығу кезінде 5 метрге дейін сүйреп, Гиннестің рекордын жаңартқанмын. Енді 80 тонналық ұшақты да сүйреп көрдім. Келешекте ауыр атлетика түрлерінен әлемдік додаларға қатысу", - деп өз ойымен бөлісті Айбар Ержанов.


Ол бұған дейін таза салмағы 15 тонналық ауыр жүк мәшинесін, 2,5-3 тонналық бірнеше джипті бір сәтте қатар сүйреген.

Палуан жігіт осы жазда Нұр-Сұлтан қаласындағы Локмотив жасау зауытында әр қайсысы 138 тонна тартатын, ұзындығы 22 метрлік (44 м) 2 локомотивті сүйреген еді.

Видеодан кадр


Бұған дейін жас палуан әлемдік Гиннес рекордын жаңартқаны болатын.