Астананың айналасында полиция бекеттері қойылды

0
243

Бекеттерде полиция азаматтардың құжатын, сондай-ақ көлікте тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексереді.


Астананың айналасында полиция бекеттері қойылды

ERNUR.KZ. Астанаға кіретін барлық бағытта стационарлық полиция бекеттері қойылды, деп жазады sputnik.kz.

Қалалық полиция департаменті 8 бекеттің қойылғанын растады. Астанада жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.
"Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуіне байланысты, сондай-ақ елордада азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу, жолын кесу мақсатында қала периметрі бойынша Қарағанды, Қосшы, Көкшетау, Павлодар қалаларының және Қорғалжын, Тайтөбе, Балқарағай, Астрахан кенттерінің бағыттары бойынша 8 "Рубеж" стационарлық полиция бекеті қойылды", - деді баспасөз қызметінің мамандары.

Бекеттерде полиция азаматтардың құжатын, сондай-ақ көлікте тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексереді. Қалаға кіру және шығу бойынша ешқандай шектеу жоқ.