Құқық бұзушылар заң талаптарын бұзғаны үшін тиісті жауапкершілікке тартылды.
фото: AP Photo / Maya Alleruzzo
ERNUR.KZ. Атырау әуежайында көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлері бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешек киген 6 жолаушыны анықтады, деп жазады sputnik.kz,
Олар Атырау – Стамбұл әуе рейсімен шетелге ұшқан Атырау қаласының тұрғындары болып шықты.
"Құқық бұзушылар елге оралғаннан кейін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін тиісті жауапкершілікке тартылды", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар аталған тұлғалармен алдын алу және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Полиция көлік инфрақұрылымы объектілерінде заң талаптарын сақтау аса маңызды екендігін еске салды.


