Атырау облысы Мақат ауданында балалар ауырған деген ақпарат жалған

0
917

Мақат ауданы бойынша балалар короновирус инфекциясымен ауырып жатқан жоқ.


Атырау облысы Мақат ауданында балалар ауырған деген ақпарат жалған

Әлеуметтік желілерде Атырау облысының Мақат ауданында балалар короновирус инфекциясымен ауырып жатыр деп тараған ақпарат жалған болып шықты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мақат аудандық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Асұлан Абдрахмановтың айтуынша, Мақат ауданы бойынша балалар короновирус инфекциясымен ауырып жатқан жоқ.

"Әлеуметтік желіде Мақат ауданында балалар ауырған деген жалған ақпарат. Қазіргі уақытта аурухананың провизорлық стационарында 11 адам емделіп жатыр. Біреуі ғана 10 айлық бала. Оның диагнозы- суықтан болған пневмония. Сәбидің жағдайы қазір жақсы. Жуырда үйіне шығарылады"- дейді Асұлан Абдрахманов.