Дәл осы вакцинаның І компонентін 8 қыркүйекке 9 899 атыраулық тұрғын ектірді.
ERNUR.KZ. Атырау облысына Vero Cell вакцинасының 6 мың дозасы жеткізілді, деп жазады ҚазАқпарат.
Бұған дейін Атырауға бір күнде екі түрлі вакцинаның дозалары жеткізіліп, 1,7 мың адам Vero Cell вакцинасын салдырғанын хабарлаған едік.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бүгін, 8 қыркүйекте Vero Cell вакцинасының 6 мың дозасы жеткізіліп отыр.
«Атырау облысына Sinopharm компаниясы шығарған Vero Cell вакцинасының 46 мың дозасы әкелінді. Дәл осы вакцинаның І компонентін 8 қыркүйекке 9 899 атыраулық тұрғын ектірді. Қазір бұл вакцинаның компоненттері егу бекетінің бәрінде бар» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.