Атырау облысында 11 жастағы қыз суға батып кетті

0
668

Ол рұқсат етілмеген жерде суға түскен.


Атырау облысында 11 жастағы қыз суға батып кетті

ERNUR.KZ. Атырау облысында 2011 жылы туған қыз суға батып кетті, деп жазады inform.kz.

Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қызметінің хабарлауынша, ол рұқсат етілмеген жерде суға түскен.

Оқиға 13 тамыз күні сағат 13:50 кезінде болған. Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Хиуаз ауылының маңында 2011 жылы туған қыз Шароновка өзеніне батып кеткен. Оны сағат 15:40-тан бастап 25 адам іздеген. Сағат 23:00-де іздеу жұмыстары таңға дейін тоқтатылды.

14 тамызда сағат 8:45-те жергілікті тұрғындар қыздың денесін тауып алып, судан шығарған.

Бұған дейін бірнеше күн бұрын аймақта ер адамның батып кеткені туралы хабарланған болатын. Ол Жайық өзенінде белгіленбеген жерде шомылған.