Атырау облысында 18 жастағы қыз коронавирус жұқтырған

0
730

Атырау облысында дертке шалдыққандар саны күрт артты.


Атырау облысында 18 жастағы қыз коронавирус жұқтырған

ERNUR.KZ. Атырау облысында кеше 5 сәуір 22:05-тегі жағдай бойынша тіркелген тағы 6 науқасқа қатысты өңірдің Денсаулық сақтау басқармасы мәлімет берді, деп жазады тengrinews.kz.

Үш науқас - 1986, 1983, 1960 жылғы ер адамдар. Сонымен қатар, тағы 1969, 1957 жылғы екі әйел және 18 жастағы қыз коронавирус инфекциясын жұқтырған.

"Барлығы бұрын коронавирус жұқтырған адамдармен байланыста болған. Денсаулық жағдайлары қанағаттанарлық. Бүгінде науқастар жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды, қажет емдеу шаралары жасалып жатыр. Науқастармен байланыста болған адамдар анықталып, оқшауланып жатыр", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 5 сәуір сағат 22:05-тегі жағдай бойынша, Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны 584-ке жетті. Оның 29-ы Атырау облысында анықталды.