Атырау облысында 7 жасар қызды зорлаған күдікті өмір бойына сотталды

0
182

Жасаған қылмысын жасыру мақсатында ол баланы ұрып-соғып, кейін өзенге батырып жіберген.


Атырау облысында 7 жасар қызды зорлаған күдікті өмір бойына сотталды
Фото: freepik.com
ERNUR.KZ. Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында У. есімді азаматқа қатысты кәмелетке толмағанға қатысты зорлау (ҚК 120-бабы 4-бөлігі) және кәмелетке толмаған баланы қасақана өлтіру (ҚК 99-бабы 3-бөлігі) бойынша қылмыстық іс қаралды, деп жазады inform.kz.

Жоғарғы сот таратқан дерекке қарағанда, 2025 жылдың маусымында Құлсары қаласында 7 жастағы қыз бала Құрсай өзенінің жағалауында серуендеп жүріп, үйіне қайтып бара жатқанда адасып кетіп, жолда сотталушы У.-ды кезіктірген.

- Сотталушы У. алкогольдік масаң күйде болып, оған үйіне баратын жолды көрсететінін айтып алдаған, өзімен бірге жүруді ұсынған.
Қызды жаңылыстырып, оны өзен жағасына апарып, дәрменсіз күйін пайдаланып, күш қолданып, зорлаған.
Жасаған қылмысын жасыру мақсатында ол баланы ұрып-соғып, кейін өзенге батырып жіберген, - делінген ақпаратта.
Сотталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен, оқиға болған жерді қарау хаттамасымен, бейнежазбалармен және сараптама қорытындыларымен толық дәлелденді.
Сот үкімімен У. тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танылып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.