Атырау облысында ауыл ішінде болған жол апатында бір үйдің екі сәбиі қаза тапты

0
89

Балалардың анасы ауыр хәлде жатыр


Атырау облысында ауыл ішінде болған жол апатында бір үйдің екі сәбиі қаза тапты

Фото: скриншот

ERNUR.KZ. Бірнеше күн бұрын Атырау облысындағы Доссор кентінде жол апаты орын алып, бір үйдің екі сәбиі қаза тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Жергілікті Atyrau Oil басылымының мәліметіне сүйенсек, қазір балалардың анасы ауыр хәлде жатыр.

Полицияның мәліметінше, ауыл ішінде жеңілд көлік пен минивэн соқтығысып қалған. Жеңіл көліктің ішінде бір отбасы келе жатқан еді.

Өкінішке қарай, отбасының бір баласы апат болған жерде, екіншісі ауруханада көз жұмған.

Қазір балалардың анасы ауыр хәлде ауруханада жатыр.