​Атырау облысында былтыр өрттен 12 адам мерт болып, тағы 12-сі зардап шеккен

0
751

Бағдат Абдуллиннің мәліметінше, өрт оқиғасының басым бөлігі аудандарда тұтанған.


​Атырау облысында былтыр өрттен 12 адам мерт болып, тағы 12-сі зардап шеккен

Фото: Атырау облыстық ТЖД

ERNUR.KZ. Атырау облысында былтыр 278 өрт оқиғасы тіркелген. Жалынның салдарынан 12 тұрғын зардап шегіп, 12 адам көз жұмған, деп жазады inform.kz.

Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Бағдат Абдуллиннің мәліметінше, өрт оқиғасының басым бөлігі аудандарда тұтанған.

– Өрттің тұтануына түрлі себеп әсер етеді. Мәселен, электр жабдықтарын монтаждау мен техникалық пайдалану ережелерін бұзудың салдарынан 182, отты абайсыз пайдаланудың кесірінен 44, қондырғы орнату кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, пешпен жылытуды дұрыс пайдаланбаудан 10 жағдай тіркелді. Ал 3 оқиғаға тұрмыстық газ құрылғыларын қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларының бұзылғаны себеп болды, - дейді Бағдат Абдуллин.
Оның дерегіне қарағанда, өрт оқиғасы барлық ауданда тіркелген. Мәселен, Атырау қаласында 4, Индер ауданында 14, Құрманғазыда – 59, Қызылқоға ауданында 67 пайызға көбейгені анықталған. Ал Жылыой ауданында 4, Махамбетте – 40, Мақат ауданында 31 пайызға төмендеп отыр.
– Өткен жылы облыс аумағында 278 өрт оқиғасы тіркелді. Жалынның салдарынан 12 адам көз жұмып, 12 тұрғын зардап шекті. Ал жаңа жылдан бері 21 дерек тіркеліп отыр. Құтқарушылар 9 тұрғын үй мен 7 автокөлік өртті сөндірді. Бақылау жүргізілетін нысандарда 5 жалынның тұтанғаны анықталды, - деп мәлім етті Бағдат Абдуллин.