Мәйіт 2024 жылдың тамыз айында із-түзсіз жоғалып кеткен деп іздеуде жүрген 1971 жылы туған ер адамға тиесілі.
Фото: Zakon.kz
ERNUR.KZ. Із-түзсіз жоғалып кеткен деп іздеуде жүрген ер адамның мәйіті күтпеген жерден көліктен табылды, деп жазады zakon.kz.
Мәйітті 7 қаңтарда Индер ауданындағы Елтай ауылының маңында жергілікті тұрғын Жайық өзенінің маңындағы көліктің ішінен тауып алған.
Мәйіт 2024 жылдың тамыз айында із-түзсіз жоғалып кеткен деп іздеуде жүрген 1971 жылы туған ер адамға тиесілі.
Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қазір қажетті сараптамалар тағайындалып, барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.
Бұған дейін Өскеменде бір айдан астам уақыт бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылғаны хабарланған болатын.