Атырау облысында хабар-ошарсыз кеткен 11 адам табылды

0
477

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, Исатай ауданында 11 адам жоғалып кеткен.


Атырау облысында хабар-ошарсыз кеткен 11 адам табылды

ERNUR.KZ. Атырау облысында хабар-ошарсыз кеткен 11 адам аман-есен табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, Исатай ауданында 11 адам жоғалып кеткен.

Олар кеше, 8 мамырда аудан орталығы – Аққыстау ауылынан 160 шақырым қашықтағы «Ақмаңдай» учаскесіне бару үшін жолға шыққан.

«Кеше, 8 мамырда күні сағат 14:00-ден «УАЗ» маркалы автокөлігінің жүргізушісі мен 10 жолаушы Исатай ауданының орталығы – Аққыстау ауылынан 160 шақырым қашықта орналасқан аталған учаскеге жету үшін жолға шыққан. Алайда, ауа-райының қолайсыздығына байланысты Махамбет ауданына баруды көздеп, жолдан адасып кеткен. Бүгін, 9 мамырда сағат 10:50-де Исатай ауданында бір күн бұрын хабар-ошарсыз кеткен 11 адамды іздестіру іс-шарасы жүргізілді. Жоғалған адамдарды іздестіру жұмыстарына Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері мен жол талғамайтын «ТРЭКОЛ» техникасы тартылды. Іздестіру іс-шарасына Исатай аудандық полиция бөлімінің 1 қызметкері қосылды. Бір күн бұрын хабар-ошарсыз кеткен 11 адам бүгін, 9 мамырда жергілікті уақытпен сағат 14:50-де Исатай ауданының орталығы – Аққыстау ауылынан шамамен 85 шақырым қашықтықта орналасқан Жасқайрат елді мекенінен аман-есен табылды. Табылған адамдардың денсаулығында кінәрат жоқ. Олар алғашқы медициналық көмекке жүгінуді қажеп деп таппады», -деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Қазір бір жүргізуші мен 10 жолаушы Жасқайрат елді мекенінен Х. Ерғалиев ауылына аман-есен жеткізіліп, ағайын-туыстарына табысталды.

Іздестіру жұмыстарына Исатай аудандық полиция бөлімінің бір қызметкері көмегін берді.