Атырау облысында перзентхана дәрігерлерінің сұмдығы әшкереленді

0
1 574

Шұғыл тексеру шаралары кезінде, бала дүниеге келгенде ол абайсызда өлі туылды деп тіркелгені анықталған, бірақ іс жүзінде нәресте тірі болған.


Атырау облысында перзентхана дәрігерлерінің сұмдығы әшкереленді

ERNUR.KZ. Атырауда облыстық перинаталды орталықтың дәрігерлері жаңа туған баланы қасақана өлтірді деп күдікке ілінді, деп жазады Zakon.kz.

"Денсаулық сақтау қызметкерлері Гиппократ антын бұзып, жаңа туған нәрестені тоңазытқышқа салып өлтірді деп күдікке ілінді", - деді ол.

Шұғыл тексеру шаралары кезінде, бала дүниеге келгенде ол абайсызда өлі туылды деп тіркелгені анықталған, бірақ іс жүзінде нәресте тірі болған.
- Баланың бойында жаны бар екенін біле тұрып, дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп, шұғыл шаралар қабылдамаған. Керісінше, толтырылған құжаттағы дәйекке сәйкес, әрекет етіп, шалажансар баланы сол күйі қалдырған. Дәрігерлердің бұлай істеуіне дерекқорда тіркелген құжатты түзей алмайтындықтары себеп болған, - деп түсіндірді агенттік басшысының орынбасары.
Оның айтуынша, тергеу-жедел тобы бұл фактіні анықтап, растап әрі баланың денесін тоңазытқыштан тапқан.
"Соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу ісі жалғасуда", - деп атап өтті ол брифингте.
Сонымен қатар құзіретті өкіл Атырау облысында бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмысқа қатысы бар деген күдікпен облыстық перинаталды орталықтың лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын да айтты.
- Облыстық перинаталды орталықтың басшысы әйелдің босану кезінде медициналық қателік болмады деген сараптамалық қорытынды қағаз алу үшін бағыныштыларына аймақтың сот-медициналық сараптама институты филиалының басшылығына 300 мың теңге көлемінде пара беруге итермеледі деп айыпталды. Сондай-ақ, ол өз қызметін асыра пайдаланып, дәрігерлердің үздіксіз білім алуына арналған іссапарға ақысын төлеуге демеуші берген 1,5 миллион теңге ақшаны заңсыз иемденді деген күдікке ілінді. Бұл ақшаға дәрігерлер емес, орталықтың басшысы өзі шетелге демалуға барып келген», - дейді Шыңғыс Қабдола.