Атырау облысында суға батып кеткен әкім табылды

0
417

Ринат Жанқылыш 2021 жылғы ақпанда Махамбет ауданының әкімі болып тағайындалған болатын.


Атырау облысында суға батып кеткен әкім табылды

ERNUR.KZ. 1 тамызда кешке Жайық өзенінен Махамбет ауданы әкімінің денесі табылды, деп жазады Tengrinews.kz.

Құзырлы органдар осы дерек бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Ринат Жанқылыш 2021 жылғы ақпанда Махамбет ауданының әкімі болып тағайындалған болатын.

"Ринат Бауыржанұлы өз ісінің кәсіби маманы ретінде әріптестерінің есінде қалады. Атырау облысының әкімі, барша әріптестер Ринат Бауыржанұлының мезгілсіз дүниеден өтуіне орай марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыш суға батып кеткені хабарланған болатын. Кейінірек іздеу жұмыстарына екі сүңгуір бригада, екі катер және бір мотор қайығы жұмылдырылғаны белгілі болды.