Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
ERNUR.KZ. Атырау облысында болған жол апатынан екі адам қаза тапты. Олардың бірі 37 жастағы жолаушы, екіншісі бір жастағы бала, деп жазады Azattyq Ruhy.
«2 қаңтар күні сағат 11:50 шамасында Доссор-Бейнеу тасжолының 147-шақырымында ВАЗ Priora мен Toyota Alphard көлігі соқтығысқан. Жол апатынан ВАЗ Priora көлігінде болған 1985 жылғы және 2021 жылы туған жолаушы оқиға орнында мерт болды», - деп көрсетті Атырау облыстық Полиция департаменті.
Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.