Атырау облысындағы су тасқыны өрт сөндірушінің өмірін қиды

0
381

Қаза болған азаматтық қорғау сержанты 2001 жылы туған.


Атырау облысындағы су тасқыны өрт сөндірушінің өмірін қиды
Атырау облысындағы су тасқыны өрт сөндірушінің өмірін қиды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
"29 мамырда Жылой ауданының Құлсары қаласында су сору бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында Атырау облысы ТЖД №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Бейбарыс Жалғасбайұлы Рақым қайтыс болды", - деп жазылған хабарламада.
Қаза болған азаматтық қорғау сержанты 2001 жылы туған.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігі Бейбарыс Жалғасбайұлының туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
"Ол өз ісінің кәсіби маманы ретінде есімізде мәңгі қалады", - деп атап өтті ведомство.

ТЖМ қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді.