Ресейде маймыл шешегі қайта тіркелді

0
173

​Бір айда бір ауруханада үш жағдай анықталған.


Ресейде маймыл шешегі қайта тіркелді

ERNUR.KZ. Ресейде тағы да маймыл шешегін жұқтыру дерегі тіркелді. Шетелден оралған 38 жастағы Ресей азаматы Домодедово ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Оған маймыл шешегі диагнозы қойылған. Бұл іске Роспотребнадзор қызметкерлері де тартылды, деп жазады baq.kz.

Журналистердің мәліметінше, сапардан оралғаннан кейін ресейліктің дене қызуы көтеріліп, лимфа түйіндері қабынып, денесінде бөртпе пайда болған. Зертханалық талдаулар инфекцияны растады. Қазір дәрігерлер науқастың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

Домодедово ауруханасында соңғы 30 күнде маймыл шешегінің бұл үшінші тіркелген жағдайы болып отыр. Қазір Роспотребнадзор мамандары инфекцияның таралу тізбегін анықтап, науқастың елге оралғаннан кейін кімдермен байланыста болғанын тексеріп жатыр.

Еске салайық, 17 қазанда Санкт-Петербургте маймыл шешегіне күдікпен бес Ресей азаматының ауруханаға жатқызылғаны белгілі болды. Ал үш күннен кейін олардың барлығынан маймыл шешегі анықталғаны расталды.