Атырауда 20 жыл отасқан күйеуін өлтірген әйелге қатысты сот басталды

0
1 091

Атыраулық әйел күйеуінің мәйіті қалай тауық қораның астында қалғанын білмейді.


Атырауда 20 жыл отасқан күйеуін өлтірген әйелге қатысты сот басталды

ERNUR.KZ. Атырауда жиырма жыл отасқан күйеуін өлтірді деген күдікке ілінген әйелге қатысты сот басталды. Юлия Шамшодиноваға Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" бабы бойынша айып тағылған, деп жазады sputniknews.kz.

Қанды оқиғаның жай-жапсары бір жыл бұрын анықталған. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, айыпталушы 2012 жылы күйеуіне ұйықтататын дәрі беріп жастықпен тұншықтырып өлтірген. Қылмыстың ізін жасыруға оған екі қызы мен жиені көмектескен. Олар марқұмның денесін әуелі бөлшектеп, артынан аулада қазылған шұңқырға көміп тастайды. Кейін үстіне бетон құйып, сол жерге тауық қора тұрғызған.

Алайда уақыт өте келе мүрдені жасыруға көмектескен Павел Шигаев әйелді бопсалап ақша талап етеді. Бұған шыдамаған айыпталушы полицияға арыз түсірген соң, Шигаев туысқанының бар шындығын сақшыларға айтып берген, деп хабарлады КТК.

Сотталушы отбасылық өмірі туралы егжей-тегжейлі айтып берді: ол күйеуімен ұрсысып қалатын болған, бірақ ешқашан қатты жанжалдаспаған. Айыпталушы күйеуін өлтіргенін мойындамайды. Оның денесі қалай тауық қораның астында қалғанын білмейді. Қораны жалдамалы жұмысшыларға салғызғанын айтады.

6 жыл бойы отбасы басшысы хабарсыз кетті деп есептелді. Сотталушы ол ISIS-пен күресуге кетті деп ойлапты. Бірақ марқұмның туыстары бұған сенбейді: олардың айтуынша, келіншектің кісі өліміне қатысы бар және оған тұрғын үй мәселесі себеп болған.