Атырауда 5-қабаттан секірмек болмақ ер адам құтқарылды

0
468

Ер адам отбасылық жанжал әсерінен осындай іс-әрекетке барғаны анықталды.


Атырауда 5-қабаттан секірмек болмақ ер адам құтқарылды

Атыраулық полицейлер 5-қабаттан секіргелі тұрған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

9 маусым күні сағат 17:00 шамасында 102 арнасына Авангард мөлтек ауданында орналасқан үйдің 5-қабатынан белгісіз ер азаматтың секіргелі тұрғаны жөнінде хабарлама түскен.

Оқиға орнына Атырау қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері және учаскелік полиция инспекторы дереу жетіп, көпқабатты үйдің 1-подъезді арқылы 4-қабатқа көтеріліп, аталған азаматтың пәтерінің терезесінен кіріп, ер адамды құтқарып қалған.

Полицейлер құтқарылған ер адамды қауіпсіз жерге шығарып, сөзбен басу айтып тыныштандырған. 1959 жылы туған ер адам отбасылық жанжал әсерінен осындай іс-әрекетке барғаны анықталып, қазіргі таңда алғашқы медициналық көмек көрсетілді.