Тағы бір жігіт ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
ERNUR.KZ. Атырауда атыстан 3 адам мерт болып, біреуі ауруханаға түсті, деп жазады ҚазАқпарат.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі әлеуметтік желіде тараған ақпаратты растады.
«15 наурызда жергілікті уақытпен сағат 22:10 шамасында Атырау қаласындағы «Авангард-3» шағын ауданындағы аялдамада атыс болған. Атыстың салдарынан 3 адам оқиға орнында қаза тапты. Ал, 26 жастағы жігіт ауыр халде ауруханаға жеткізілді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Қазір полиция қызметкерлері оқиға орнын қоршап тұр. Атыстың себебін анықталып жатыр.