Атырауда бүлдіршінді тепкен балабақша тәрбиешісі жұмыстан қуылды

0
182

Қазіргі таңда тексеру жүріп жатыр.


Атырауда бүлдіршінді тепкен балабақша тәрбиешісі жұмыстан қуылды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде тәрбиешінің баланы тепкен сәті түсірілген бейнежазба тарады. Оқиға жекеменшік балабақшада болған, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Балабақша басшылығының айтуынша, құқықбұзушылық анықталғаннан кейін тәрбиеші еңбек заңнамасына сәйкес дереу жұмыстан босатылған.
Қазіргі таңда құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіп жатыр.