Атырауда екі қайық соқтығыстып, 5 адам зардап шекті

0
121

MAN-0468 және Dolphin ATR-0787 маркалы қайықтар соқтығысқан.


Атырауда екі қайық соқтығыстып, 5 адам зардап шекті

фото: СС0 / Free-Photos

ERNUR.KZ. Атырауда Жайық өзенінде екі қайық соқтығысып, 5 адам зардап шекті, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға 22 маусым сағат 23:35 шамасында Жайық өзенінде болған.
"MAN-0468 және Dolphin ATR-0787 маркалы қайықтар соқтығысқан. ATR-0787 қайығында болған екі жолаушы түрлі дене жарақаттарын алып, облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта тиісті іс құжаттар жинақталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - дейді полицияда.
Оқиға салдарынан 5 адам жарақат алған, біреуі – бала.
"Зардап шеккендердің біреуі облыстық ауруханаға жатқызылып, қажетті ем қабылдап жатыр. Қалған науқастар тиісті медициналық көмек көрсетіліп, амбулаториялық бақылауға алу үшін тұрғылықты мекенжайлары бойынша үйлеріне жіберілді", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасында.
Полиция азаматтарды су көлігін пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды ескертті.