Атырауда екі жұмысшы үйдің төбесінен құлап мерт болды

0
407

​Жыл сайын елімізде мың жарымға жуық адам өндірісте жарақат алып, екі жүзден астамы көз жұмады.


Атырауда екі жұмысшы үйдің төбесінен құлап мерт болды

ERNUR.KZ. Атырауда екі жұмысшы үйдің төбесінен құлап көз жұмды, деп жазады sputnik.kz.

Қайғылы оқиға дүйсенбі, 21 ақпанда болған.
СМП-163 шағын ауданындағы №7-ші үйді қалпына келтіру кезінде 1997 және 1986 жылы туған екі ер адамқайтыс болды.
Бұған дейін жұмыс барысында жарақат алу көрсеткіші жоғары екені парламентте айтылған болатын. Сенат депутаты Нариман Төреғалиев жыл сайын елімізде мың жарымға жуық адам өндірісте жарақат алып, 200-ден астам жұмысшы қаза болатынын айтты.
Алты жүз адам еңбек жарақаты мен кәсіби аурулар салдарынан мүгедек болып қалатыны хабарланды.